Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі: Науқастардың өлімі қазақстандық дәрілердің салдарынан емес

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігінің сараптамалық клиникалық комиссиясы клинкалық сараптамаға қатысқан екі науқастың көз жұмуы қазақстандық ФС-1 дәрілік заттары салдарынан емес екендігін растады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Бішкектегі тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ТР-029 науқасының өлімі менингоэнцефалиттің асқынуына байланысты туберкулездің дертінің өршуі және жалпылануы, сондай-ақ туберкулезге қарсы дәрілерді өздігінен қолданбауы салдарынан орын алды.

 ТР-237 науқасының көз жұмуы туберкулезге қарсы дәрілерді қабылдауын өздігінен тоқтатып, тыныс алу және жүрек ақауы дертінің өршуіне байланысты туберкулездің асқынуы салдарынан болған.  Клиникалық зерттеу хаттамасына орай, екі науқас та дәрілер қабылдап отырған», - делінген сараптама комиссиясының қорытындысында.

Ұлттық фтизатрия орталығында айтылғандай, ғылыми зерттеу жұмысы Қырғызстан Республикасының заңнамалары, клиникалық зерттеу саласындағы халықаралық талаптар мен ұсыныстарға, оларды өткізуге арналған рұқсатнамалық құжаттарға сай, сонымен қатар ҰФО мен Қазақстанның «Ұлттық жұқпалы ауруларға қарсы дәрілер орталығы» АҚ арасында 2013 жылы 24 қазанда жасалған келісімшарт негізінде өткізілді.

Бұрын Қырғызстан Республикасының прокуратурасы ФС-1 дәрісін қолданған екі адамның өліміне байланысты ҰФО мен Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету департаментіндегі жауапты тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғаған еді. Іс бойынша тергеу жұмысы жалғасуда.