Қырғызстанның екі азаматы «Бішкек-Мәскеу» пойызында 1 келіден астам гашишті алып өтпек болған - ҚР ҰҚК

None
АСТАНА. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қырғызстанның екі азаматы «Бішкек-Мәскеу» пойызында 1 келіден астам гашишті алып өтпек болған, деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

18 қыркүйекте Жамбыл облысындағы «Мерке» мемлекеттік шекарасы арқылы халықаралық өткізу бекетінде «Оңтүстік» аймақтық басқармасының шекарашылар жасақтары қызметтік итті қолдану арқылы жолсеріктің шағын қызметтік бөлмесінен түбі екі қайтара тігілген жол сөмкесінен 1,135 келі гашишті тауып алды. Қырғыз Республикаының екі азаматы ұсталды. Бұл факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Жыл басынан бері ҚР ҰҚК шекаралық қызметі есірткі тасымалдаудың 114 оқиғасының жолын кесті. Ұсталған есірткі заттарының жалпы салмағы 400 келіден асты, оның ішінде героин - 80 келіден, гашиш - 15 келіден, марихуана - 322 келіден асады. 12 гектардан астам кендір алқабы жойылды.