Қырғызстанның екі азаматы есірткімен ұсталды - ҚР ҰҚК

АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат /Жанна Қорқытова/ - Қырғызстанның екі азаматы есірткімен ұсталды,

деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

«Кеше «Меркі теміржол» шекаралық бақылау бөлімінің шекарашылары «Бішкек-Мәскеу» пойызы вагондарының бірінде жалпы салмағы бір жарым келіден асатын гашиш есірткі заты салынған қалтаны тапты. Осы фактіге қатысты Қырғыз республикасының екі азаматы құрықталды», - делінген ақпаратта.

Одан әрі тергеу шараларын жүргізу үшін олар Луговое стансысының ЖІІБ қызметкерлеріне табыс етілді, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.