Қырғызстанның экс-премьері Игорь Чудинов еш жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды

АСТАНА. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат - Қырғызстанның экс-премьері Игорь Чудинов ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Ол үй қамағында болады, деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.

Сыбайлас жемқорлыққа барды және қызмет жағдайын асыра пайдаланды деп айып тағылып отырған Чудинов құқық қорғау органдарына өз еркімен берілген болатын.


Игорь Чудинов президенттік тағынан тайдырылған Құрманбек Бакиевтің тұсында 2007-2009 жылдары үкімет басшысы болған , ал премьерліктен кеткеннен кейін Қырғызстанның Даму қорын басқарған.