Қырғызстанның экс-президенті Белорустың әскери зауытқа директор болды

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Беларус Республикасының Президенті Александр Лукашенко қырғыздың экс-президенті Құрманбек Бакиевті Беларус әскери зауытының директоры етіп тағайындады.

Дегенмен, кәсіпорынның аты нақтыланбай отыр, деп хабарлайды news-asia.ru агенттігі.

Ал Қырғызстанның бұрынғы президентін қорғау жөніндегі комитеттегілер бұл ақпаратты теріске шығарып, Құрманбек Бакиевтің қазіргі уақытта жұмыссыз екенін айтып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Бакиев 2010 жылдың сәуір айында болған мемлекеттік төңкеріс кезінде Қырғызстаннан қашып кеткен болатын. Оған беларустық әріптесі пана болып отыр.