Қырғызстанның халық жасақшылары парламенттік сайлау қарсаңында бас қосты

None
БІШКЕК. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Бүгін Бішкекте Қырғызстан халық жасақтарының алғашқы съезі болды.

Бүгінгі іс-шараға Қырғызстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Марат Иманқұлов, Қырғызстан Республикасы президентінің қорғаныс, қауіпсіздік, тәртіп сақтау және төтенше жағдайлар жөніндегі бөлім жетекшісі Бұсырманқұл Табалдиев, Қырғызстан Республикасының ішкі істер министрі Зарлыбек Рысалиев, Бішкек қаласы мэрінің қызметін атқарушы Иса Өмірқұлов, сондай-ақ халық жасақтарының жетекшілері қатысты.

Съезд барысында жасақ жетекшілері Халықтық жасақ кеңесін құру мен бірлесу туралы шешім қабылдады. Олар манифестке қол қойды, құжатқа сәйкес жағдай тұрақсызданып кеткен кезде Одақ ел азаматтарының қауіпсіздігі үшін қызмет істейтін болады.

М.Иманқұлов жиналған қауымды алғашқы Съездің өтуімен құттықтады. «Біз қиын кезеңдерді бастан кешірудеміз. Бүгінде Қырғызстан демокартиялық республика құру жолында. Қырғызстанның қандай жолмен жүретіндігі бізге байланысты», - деп атап өтті ол.

М.Иманқұлв ең бастысы сыртқы және ішкі қауіпсіздікпен қамтамасыз ету екендігіне тоқталды. Ол сондай-ақ ынтымақтастық орнатуға дайын екендігін, және де Жасақтар одағының кез келген шешімін қабылдайтындығын жеткізді.