деп хабарлайды ҚазАқпарат ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Республиканың Орталық сайлау комиссиясынан хабарлағанындай, осы уақытқа дейін бюллетеньдердің 15 пайызы тексеріліп болды. Шілденің 23-інде болған дауыс берудің бірінші аралық қорытындысы бойынша Бакиевке сайлаушылардың 90 пайызға жуығы дауыс берген. Ал екінші орында 5,4 пайыз көрсеткішпен бірлескен оппозиция өкілі Алмазбек Атамбаев келеді. Сайлаушылардың дауыс беру белсенділігі жоғары болды, 2,84 миллион сайлаушының 79 пайыздан астамы дауыс берді, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясынан.