Қырғызстанның қорғаныс министрі қызметінен босатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 12 қазан күні Қырғызстан Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев Құдайбердиев Әбиболла Әлімұлын Қырғызстан Республикасы қорғаныс министрі қызметінен босату туралы Жарлыққа қол қойды.

Бұл туралы Қырғызстан мемлекеті басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап КирТАГ хабарлады.

Қырғызстан Республикасы қорғаныс министрі міндеттерін орындау қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Замир Суерқұловқа жүктелді.

Бұрын хабарланғандай, ҚР әскери прокуратурасы Ә.Құдайбердиев пен қорғаныс ведомствосының бірқатар тұлғаларына қатысты ҚР ҚК-нің 304 бабы (қызметтік өкілдігін теріс пайдалану), 315 бабы (қызмет бабында жалған құжат жасау) және 171 бабы (өзіне сеніп тапсырылған мүлікті иелену немесе жұмсау) бойынша қылмыстық іс қозғады.