Айталық, қалада неғұрлым дайындығы жоғары құқық қорғау қызметкерлерінен күшейтілген тергеу-жедел топтары мен құжаттандыру топтары құрылған. Аса маңызды нысандар күшейтілген күзетке алынған. Қоғамдық орындарда патрульдік-бекет жасақтары саны көбейтілді. Сондай-ақ қосымша милиция постыларын, мамандандырылған жедел топтар және жаяу патрульдер құру көзделуде, олар әсіресе кешкі және түнгі уақыттарда азаматтардың көбірек жиналатын жерлеріне шоғырландырылады.
Қалалық ішкі істер басқармасы кез келген заңсыз әрекеттерге қолданыстағы заңнама аясында қатаң тосқауыл қойылатынын атап көрсетеді.
Бұдан басқа, Бішкектің аудандық ішкі істер бөлімдерінде «Ала-Тоо», Патриот», «Апрель», «Бірімдік» жастар және қоғамдық бірлестіктері өкілдерінен ерікті жасақшылардың шұғыл топтары ұйымдастырылған. Милиция қызметкерлерімен бірге олар ел астанасының қоғамдық орындарында патрульді жүзеге асыруда.