Қырғызстанның құқық қорғау органдары жоғары дайындық режіміне көшіріледі

БІШКЕК. 30 мамыр. ҚазАқпарат - 2012 жылдың 5 маусымынан бастап Қырғызстанның оңтүстік облыстарының құқық қорғау органдары жоғары әзірлік тәртібіне ауысады.

Бұл туралы ҚР ІІМ қоғамдық қауіпсіздік бас басқармасының бастығы Еркін Баев хабарлады.

Көршілес республикадағы күш құрылымдарының аталған қадамдары Қырғызстанның оңтүстігінде этникааралық қайғылы жанжалдың аяқталуының екі жылдығымен байланысты. Түрлі мәліметтер бойынша, этникалық қырғыздар мен өзбектердің қақтығыстары салдарынан екі мыңнан астам адам қаза тауып, із-түссіз жоғалған деп есептелуде.

«Маусым» оқиғалары датасының қарсаңында Қырғызстанның оңтүстігіндегі тұрғындар арасында қақтығыстың қайталануы немесе шекарасы аз нығайтылған көршілес Тәжікстан аумағынан жауынгерлердің кіруі туралы қауесеттер жүруде.

Осыған байланысты Қырғызстанның ІІМ Баткент, Ош, Жалал-Абад облыстары мен Ош қаласындағы күш санын күшейтуге ниетті. Сонымен қатар стратегиялық нысан - Тоқтоғұл МЭС және басқа да ерекше маңызды нысандардың қорғалуы күшейтіледі. Әрбір АІІБ-де сараптамалық топтар құрылды, олар баспасөзде және интернетте ұлтаралық араздықты тудыратын жарияланымдарды күн сайын бақылайды.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге барлығы 3,5 мыңға жуық полицей мен 4 мыңнан астам «халық жасақтары» тартылады.