Оның айтуынша, Ош қаласында Қазақстан Республикасының консулдығы жоқ. Алайда, Ресей Федерациясының ол жердегі Бас консулдығы Қазақстанның Бішкектегі Елшілігіне жәрдем көрсетуде. «Қазақстаннның Қырғызстандағы Елшілігінің мәліметінше, кеше, маусымның 13-і күні Елшіліктің жәрдемімен Қазақстанның 1 әйел азаматы күйеуімен және баласымен Оштан Бішкекке ұшақпен жеткізілді», деді С. Әбдірахманов.
Ресми өкіл Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекарадағы өткізу бекеттері қалыпты режімде жұмыс істеп жатқанын атап өтті. «Қазақстаннның Қырғызстанмен арадағы шекарасы бұрынғы режімде жұмыс істеуде, шекара жабылған жоқ», деді ол.