Қырғызстанның оңтүстігінде есірткі тасымалдаған Тәжікстан ІІМ қызметкері ұсталды (ФОТО)

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстан Үкіметіне қарасты Мемлекеттік есірткіні бақылау қызметінің баспасөз қызметінің деректеріне сәйкес, құқық қорғау органдарының сыбайластыққа бой алдырған қызметкерлерін қылмыстық жауапкершілікке тарта отырып, аса ірі көлемде ауғандық есірткі заттарын заңсыз айналымнан шығару бойынша жүргізілген арнайы операция аясында Тәжікстан ІІМ қызметкері ұсталды.

1 наурызда МЕБҚ қызметкерлерінің тексеруі барысында есірткі заттарының заңсыз айналымымен айналысты деген күдікпен Баткен облысы Жашты ауылында ІІМ қызметкері басқарған «Опель-Вектра» көлігі тоқтатылды.

Бұдан басқа, салонда 1971 жылы туған Тәжікстан азаматы - Душанбе қаласының тұрғыны болған.

Көлікті тексеру барысында жүк салғыштан жабайы кендір шөп иісті қошқыл-қоңыр түсті зат салынған екі спорттық сөмке табылып, тәркіленді.

Сараптамаға сәйкес тәркіленген зат салмағы 36 келі 300 грамм «гашиш» есірткі заты болып шықты, құны шамамен 4 миллион сомнан астамды құрайды.