Қырғызстанның оңтүстігінде күші 5 балдық жер сілкінісі тіркелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанның оңтүстігінде күші 5 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы КирТАГ хабарлады.

Сейсмология институтының ақпаратынша, 2015 жылы 14 шілдеде жергілікті уақытпен сағат 00:25-те күші 5 балдық жер сілкінісі тіркелді.

Жер дүмпуінің ошағы Тәжікстан аумағында болды. Қырғызстанның Ачык-Суу ауылында оның белсенділігі 4 балды, Дароот-Коргон, Карамык, Кашка-Суу, Шибээ, Жар-Башы ауылдарында 3 балды құрады.