11:09, 16 Сәуір 2009
Қырғызстанның оңтүстігінде лай көшкіні салдарынан 16 адам қаза тапты
БІШКЕК. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат - Бейсенбіге қараған түні Қырғызстанда Жалалабад облысының Ақсый ауданындағы Райкомол ауылында лай көшкіні болып, оның салдарынан, алдын-ал мәліметтер бойынша 16 адам қаза тапты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап. Республиканың төтенше жағдайлар ведомствосынан хабарлағанындай, зардап шеккен ауылға құтқарушылар мен техника жөнелтілді. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрі де аттанды.