Қырғызстанның оңтүстігінде өсімдік майы мен жанар-жағармайдың бағасы орнықты сақталуда
Билік өкілінің айтуынша, 2010 жылдың маусым айының 4-інен бері аймақта өсімдік майына тұрақты баға сақталуда, атап айтқанда, мақта майының литрі 80 сом тұрады (250-260 қазақстандық теңгемен шамалас), ал күнбағыс майының бағасы- 72,5 сомды құрайды (240-245 теңге). Бензиннің бағасына келер болсақ, А-80 маркалы бензиннің бағасы -33,45 сом (100-110 теңге), А-93 бензинінің бағасы- 36,5 сом (115-120 теңге), дизель отының бағасы - 35,25 сом (115-117 теңге) деңгейінде сақталуда.
Дегенмен, бұршақ, күріш және макарон өнімдерінің бағасы шамалы өсіп отыр. Бүгінге макаронның келісі - 40 сом, күріштің келісі- 60 сом, бұршақ - 45 сом тұрады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан бауырлас республикаға ауқымды гуманитарлық көмек көрсетуде. Атап айтқанда, ағымдағы аптаның басында Жалалабад қаласының стансасына бір вагон құмық (60 тонна), он алты вагон күріш (1 мың тонна) келді. Сондай-ақ, Ош қаласына 540 тонна құрылыс арматурасы, Жалалабадқа - 360 тонна арматура жеткізілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, қыркүйек-желтоқсан айларында Қырғыз Республикасына сондай-ақ, 230 318,314 тонна көмір жөнелтіледі. Қазіргі таңда 5 932 тонна көмір жеткізіліп қойды», делінген Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратта.