Басқарма қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, ресейліктер Ленин шыңына шығу кезінде ажал құшқан. "Олардың мәйітін алып келуге елдің Әуе қорғанысы күштерінің тікұшағы тартылды", - деді басқармада.
"Биыл Әуе қорғанысы күштерінің авиациясы он реттен астам ұшқан, - деп атап өтті бас штабта. - Нәтижесінде 26 адам құтқарылды, сегіз адамның мәйіттері елді мекендерге жеткізілді".