Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауы бойынша дауыстарды санауды жүргізуде

БІШКЕК. Шілденің 25-і. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Қырғыз Республикасы Орталық сайлау комиссиясының алдын-ала нәтижелері бойынша Қырғызстан президентінің сайлауында үміткер Құрманбек Бакиев көшбасында,

екінші болып Алмазбек Атамбаев келеді.

Орталық сайлау комиссиясының «Шайлоо» мемлекеттік автоматтандырылған жүйесінің сайтында орыналастырылған ОСК деректері бойынша 2 330 (88,33%) учаскенің 2 058-інде бюллетендер толық өңделген. Бұл ретте, «иә» деп дауыс бергендердің саны мыналарды құрады: Құрманбек Бакиев - 1 665 305 дауыс (83,8%), Алмазбек Атамбаев - 157 413 (7,92%), Темір Сариев - 57 362 (2,89%), Женишбек Назаралиев - 12 596 (0,63%), Тоқтайым Үметалиева - 9 126 (0,46%), Нұрлан Мотуев - 7 293 (0,37%). Барлығына қарсы - 58 187 (2,93%).