оның барысында өз жақтастарының жоспарлап қойған митингісінің өткізілмей қалуының себептерін түсіндірді, деп хабарлайды біздің тілшіміз.
Алдын-ала мәлімет бойынша парламенттік сайлауда үшінші орынға ие болған «Ар-Намыс» партиясы Қырғызстан астанасында өз жақтастарының бірнеше митингісін өткізуді жоспарлап отыр. «Ар-намыстықтардың» митингі өткізудегі мақсаты - қазанның 10-ында өткізілген сайлаудың ресми нәтижелерін жариялауды тездету болуы керек еді.
Феликс Куловтың айтуынша, қазанның 26-сында ҚР Президенті Роза Отынбаевамен және Қырғызстанның Социал-Демократиялық партиясынан өзге алда келе жатқан партия басшыларымен кездесу барысында, Орталық сайлау комиссиясының басшысы Ақылбек Сариев кейбір сайлау учаскелеріндегі хаттама мәліметтерін нақтылауға қатысты белсенді шаралар жүргізіліп жатқанын жеткізді. Осы аптаның аяғына дейін барлық жұмыстарды аяқтап, сайлау нәтижелерін жария етуге де уәде берген сыңайлы.
«Біз бүгін сайлау нәтижелерін тездетіп жария етуді талап етіп митинг өткізбекші едік. Бірақ, Ақылбек Сариевтің сөзінен кейін біз акцияны өткізбейміз деп шештік», - деді Феликс Кулов. «Ар-Намыс» көшбасшысы сондай-ақ қырғызстандық экономиканың «дағдарыстық жағдайында» оның партиясының президенттік басқару формасы үшін күресіп жатқанын да тілге тиек етті.