Рәсімге Ош қаласының мэрі Таалайбек Сарыбашов, Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының бас хатшысы (ТҮРКСОЙ) Дүйсен Қасейінов, Қырғызстанның мәдениет, ақпарат және туризм министрі Азамат Жаманқұлов, қалалық кеңес төрағасы Жапарбек Ормонов, сондай-ақ түркітілдес 12 мемлекеттің мәдениет министрлері қатысты, оның қатарында Түркия, Әзербайжан, Түркіменстан, Қазақстан, Өзбекстан бар. Сондай-ақ, шараға Ош қаласының жұртшылығы мен қоғам белсенділері келді.
Стелланы ашу рәсімінде қала мэрі Таалайбек Сарыбашов, «Ош Түркі әлемінің мәдени астанасы - 2019» шарасы барша түркітілдес елдері үшін маңызды шара екенін атап өтіп, өткізілген мәдени бұқаралық шараларды Ош қаласының және елдің оңтүстік бөлігіндегі тұрғындардың ұмытпайтынын, ол Түркітілдес елдердің мәдени астаналарының бауырластығын нығайтатынын жеткізді.