Қырғызстанның Ош облысында зардап шеккендерді 20 қарашаға дейін уақытша баспанаға орналастыру аяқталады

БІШКЕК-ОШ. 5 қараша. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Ош облысы Қарасу ауданының маусым оқиғаларынан зардап шеккен барлық тұрғындары үстіміздегі жылдың 20 қарашасына дейін жаңа баспанаға орналаса алады.

Бұған Ош және Жалалабад қалаларын қайта қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік дирекция сенімді, деп хабарлайды біздің тілшіміз.

Мемлекеттік дирекция таратқан мәлімет бойынша, 2010 жылдың 5 қарашасындағы жағдай бойынша Ош облысы Қарасу ауданындағы барлық салынып жатқан 717 уақытша үйдің шатырын жабу 96 пайызға аяқталды. Қазіргі уақытта бұл үйлерде ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.