«Бүгін елдің ТЖ министрі Қубатбек Боронов зілзала болған жерлерге барып, жағдаймен танысады», - деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің басшысы Әбдішәріп Бекилов.
Қара-Су ауданында 428 үй тексерілген, соның ішінде 6-уы жарым-жартылай бұзылған, 85-і апаттық жағдайда. 343 үйде жарықшақтар пайда болған. Өзген ауданында 9 үй апаттық жағдайда, 65-інде ұсақ жарықшақтар байқалған. Юсупов ауылдық округінде әлеуметтік қорғау ғимараттарында жарықшақтар пайда болды. Комиссия келтірілген шығын мен үйлердің жағдайын бағалау бойынша жұмыстарды жалғастыруда.