Қырғызстанның Премьер-министрі Ресейге жұмыс сапарын жасауда

БІШКЕК. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Қырғыз Республикасының Премьер-министрі Алмазбек Атамбаев жұмыс сапарымен Мәскеуге ұшып кетті. Бұл Алмаз Атамбаевтың Премьер-министр ретіндегі Ресей Федерациясына жасап отырған алғашқы сапары.

Жоспарланып отырғандай, бүгін Қырғызстанның Үкімет басшысы Ресей Федерациясының Үкімет төрағасы Владимир Путинмен және Ресейдің өзге де ресми тұлғаларымен келіссөздер жүргізеді.

Кездесулер барысында тараптар қырғыз-ресей ынтымақтастығының болашағы, нақтырақ айтар болсақ, экономикалық саладағы, сонымен қатар мәдени-білім беру саласындағы да байланыстар әңгімеге арқау болады деп күтілуде.