Жиналған қарды түсіру үшін құтқарушылар Бішкек пен Ош арасындағы стратегиялық тасжолдың бойындағы тау беткейлерін зеңбіректермен атқылап жатыр. Ош облысында да сел жүріп, қуатты ағын бойжеткенді ағызып әкеткен. Оқиға орнына жеткен топ арнайы құралдардың көмегімен қызды судан шығарып алды. Қазір мамандар табиғи апаттың салдарын жоюға кірісті.
«Сел жүру қаупі туралы алдын ала ескерткенбіз, сол себептен аудандағы азаматтық қорғаныс күштері бірден әрекет етті. Азаматтық қорғаныс комиссиясы қазір екі бағытта жұмыс істеп жатыр», - деді ҚР ТЖМ жедел қимыл басқармасының жетекшісі Урматбек Шамырканов.