11:35, 06 Сәуір 2009
Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Қытайға ресми сапармен барады
БЕЙЖІҢ. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Талғат Баймұхамбетов/ - Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Қадырбек Сарбаев Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ян Цзечидің шақыруы бойынша, сәуірдің 6-7-сі күндері Қытайға ресми сапар жасайды.
ҚазАқпарат тілшісінің хабарлауынша, бұл туралы Бейжіңде өткен брифингте қытай ведомствосының ресми өкілі Цинь Ган мәлім етті. Ағымдағы жылдың басында Қырғызстанның сыртқы саясат ведомствосының басшылығына тағайындалған Қадырбек Сарбаев оған дейін Қырғызстанның Қытайдағы Елшісі болып қызмет атқарған еді.