Қырғызстанның Талас ауданындағы тәртіпсіздіктерден 19 милиция қызметкері зардап шекті

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Кешеден бері Талас ауданының Бақай-Аты ауданында «Талас-Тараз» жолының жабылуына байланысты қарсылық шаралары өтуде.

Қырғызстанның ІІМ ақпараты бойынша, бейсенбі күні Қырғызстан ауылының маңында Шыралжын алтын өндіру кен орнын тексеруді тоқтатуды талап еткен бір топ адам көтерілді. Олар жолды бөгеп тастап, милицияның талабына көнбеді. 3 сәуір кешке қарай тәртіпсіздіктің арты милиция қызметкерлерімен қақтығысқа ұласты. Көтерілген топ тас лақтырып, ал милиция жарық жаңғырықты гранаталар қолданды. Салдарынан ІІМ-нің 19 қызметкері зардап шекті. Қазіргі уақытта автожолды 300-ге жуық көтерілісшілер қоршауға алды. Олармен Бақай-Аты ауданының басшылары мен ҚР-дың Талас ауданынындағы билік өкілінің орынбасары Рыскелді Ботиков ымыраға келмекші.