Қырғызстанның таяу болашаққа перспективасы жоқ- Болат Сұлтанов

Ы. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қырғызстандағы қазіргі ахуал алдағы 3-4 жылда тағы қайталануы мүмкін. Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан "Қырғызстандағы төңкеріс: себептер мен салдарлар" деген дөңгелек үстел жиынында айтылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қырғызстан қазір тек қызмет көрсету саласы мен Қытайдың арзан тауарын Қазақстанға қайта сатуға ғана үміт арта алады. Қырғызстан экономикасының болашағы жоқ. Өйткені білікті кадрлар яғни барлық ақыл-ой иелері елден кетіп қалды", дейді Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Болат Сұлтанов. Оның айтуынша, бауырлас бұл елдің қазір таяу болашаққа перспективасы жоқ. Алдағы 3-4 жылда біз Қырғызстандағы бүгінгі таңдағы ахуалмен тағы кездесуіміз мүмкін. Өйткені барлығының негізі экономикада жатыр. Халық жұмыспен қамтылып, қарны тойып, ас ішпей тұрақтылық болмайды.