Мәселен, бүгін ҚР өтпелі кезеңінің президенті Роза Отынбаева техникалық үкіметтің құрылымының тұжырымды нұсқасын бекітеді, ал ертең жаңа министрлер кабинетінің мүшелер құрамы ұсынылады.
ҚР уақытша үкіметі аппаратынан хабарлағандай, үстіміздегі жылғы шілденің 14-інде техникалық үкіметтің алғашқы отырысы өткізіліп, сол күні-ақ министрліктер мен ведомство өкілдерінен құралған ҚР делегациясы Астанаға ұшып кетеді. Бұл жерде Қазақстанның Қырғызстанға кешенді көмек көрсетуінің бірлескен жоғары деңгейдегі комиссиясының отырысы аясындағы кездесуге қатысады.
Осыған дейін ҚР-ына кешенді көмек көрсету туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жасаған еді.