«Бүкіл Еуропа қиын жағдайда. Қазіргі уақытта еуропалық банктерден инвестиция күту мүмкін емес. Солардың өздерінде де жағдай осындай. Американдық банктер де бере алмайды. Сондықтан да бұл жердегі өзара көмек - ең басты мәселе. Біз Қырғызстанның тезірек Кеден одағының мүшесі болғандығын қалаймыз. Сонда барлық мәселелер жеңіл шешіледі», - деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, сөз соңында Елбасы елде тыныштық орнап, басшыларға жұмыс істеуге мүмкіндік беру керектігіне назар аудартты. «Барлық қырғыз халқы бір үкіметтің, бір басшының төңірегіне топталмаса, ештеңе болмайды. Мемлекеттер жерінің көлемімен үлкен болмайды, сол жерде жұмыс істейтін адамдарымен үлкен. Мәселен, Шыңғыс Айтматовты кім білмейді. Сол арқылы қырғызды біледі. Сол сияқты, өзіңіз айтқандай, Олимпиада чемпиондары қазақтың жалауын 7 рет көтеріп, әнұранын ойнатқанда, Қазақтың әнұраны Лондонда брендке айналды», - деді Н.Назарбаев.