Алдын-ала мәліметтер бойынша, 20 шілде күні түнгі сағат 1.35-тің шамасында зілзала ошағында қуаты 7-8 баллдық жерасты дүмпуі тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Баткен қаласының шығысына қарай 52 шақырым жерде болған.
Одан кейін сағат 02.46-ның шамасында 3,5 баллдық екінші жер сілкінісі тіркелген. Оның ошағы да сол маңда болған.
Баткен облысының азаматтық қорғаныс комиссиясы қазір апат аймағында тексеру жүргізіп жатыр. Қадамжай ауданына таңертең Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері аттанды.