Оның айтуына қарағанды, лауазымды қызметтен кету шешімін ол жаңа саяси партия құру ниетіне байланысты қабылдаған. Е.Байсалов өз партиясының республикада ағымдағы жылы қазанда өтетін парламенттік сайлауға қатыса алатындығын мәлім еткен.
«Өз мүддеме әкімшілік ресурстарды пайдаланғым келмеді», депті ол. Сонымен қатар Е.Байсалов уақытша үкіметтің қалған мүшелерін де өзінен үлгі алуға шақырған.
Еділ Байсалов соңғы жылдарда Швецияда саяси эмиграцияда болатын. Ол Қырғызстанға елдің бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевтің режимі құлағаннан кейін оралған еді.