Оның кандидатурасын талқылау кезінде Т.Сариев министрлер кабинетінде тәртіп орнататынына, сонымен қатар Қырғызстанда әділ парламеттік сайлау өткізуге ықпалдасатынына сөз берді.
Т.Сариев үкімет құрылымын өзгертуге уақыт тапшы екенін, сондықтан вакантты орындарға ғана министрлерді тағайындаумен шектелу шешімі қабылданғанын айтты.
Осылайша, қаржы министрі болып Сариевтің бұрынғы орынбасары Адылбек Касымалиев, экономика министрі болып Сариевтің тағы бір бұрынғы орынбасары Олег Панкратов, көлік және коммуникация министрі болып Аргынбек Малабаев тағайындалды.
Т.Сариевтің кандидатурасын 97 депутат қолдап, екеуі қарсы шықты.
Еске сала кетейік, Қырғызстанның экс-премьер-министрі Джоомарт Оторбаев өткен аптада өзінің отставкаға кетуін жариялаған.