Қырғызстанның жаңа үкіметі ант қабылдады

БІШКЕК. Қарашаның   6-сы.  ҚазАқпарат /Евгений Новиков/ -  Бүгін  Бішкекте   Қырғыз  Республикасы Жогорку Кенешінің  мәжілісінде    премьер-министр Данияр  Үсенов бастаған   үкіметтің  жаңадан     тағайындалған мүшелері     халық алдында,      ел  парламенті мен президентінің алдында ант қабылдады,

 деп     хабарлады   парламенттің баспасөз қызметінен.

Үкімет мүшелерінің   алдында  сөз сөйлеген Қырғызстан  президенті Құрманбек Бакиев,    олардың  өздеріне  артылған   сенімді  ақтайтындығына үміт  білдірді.

Қ.Бакиев   сондай-ақ,   мемлекеттік  басқару  жүйесінде  жүргізіліп жатқан  реформалар  аясында заң  жобаларын  әзірлеу  және     қабылдау   жөніндегі  атқарушы билікпен     бірлесіп атқарып жатқан жұмыстары  үшін  Жогорку Кенеш  депутаттарына  алғыс     айтты.