Қырғызстанның Жогорку Кенеш төрағалығына Зайнидин Құрманов сайланды

None
БІШКЕК. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат /Евгений Новиков/ - Бүгін Қырғызстанның Жогорку Кенеш отырысында жасырын дауыс беру арқылы ел парламентінің төрағалығына Зайнидин Құрманов сайланды. Оның кандидатурасына 84 депутат дауыс берді.

Бұрынғы Жогорку Кенеш төрағасы Айтыбай Тағаев Қырғыз Республикасының президенті Құрманбек Бакиевтің 2009 жылғы желтоқсанның 17-сінде жарлығымен мемлекеттік әкімшіліктің басшысы - Баткен облысының губернаторы болып тағайындалды.

З.Құрманов 1955 жылғы маусымның 3-інде Фрунзе қаласында туған. 1978 жылы - Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетін, 1996 жылы - Қырғыз ұлттық мемлекеттік университетін, 2001 жылы Маршалл Орталығының Әскери колледжін (Германия) бітірген.

2007 жылдан IV шақырылған Жогорку Кенеш депутаты.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор. Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген қызметкері. Қырғыз Республикасының ІІ сыныпты Мемлекеттік кеңесшісі.