Қыркүйек айында азық-түлік бағасы былтырмен салыстырғанда 12 пайызға өсті - Статистика

АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - 2011 жылғы қыркүйекте азық-түлік тауарларының бағасы 2010 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 12 пайызға өсті.

Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Мәліметтерге қарағанда, 2011 жылғы қыркүйекте 2010 жылғы тиісті аймен салыстырғанда баға жармаға 2,1 есе, май және тоң майға - 19,4 пайызға, ұнға - 18 пайыз, қантқа - 12,3 пайыз, сүт өнімдеріне - 11 пайыз, макарон өнімдеріне - 10,5 пайыз, кондитерлік өнімдерге - 8,5 пайыз, кофе, шай және какаоға - 7,5 пайыз, жемістер мен көкөністерге - 7,3 пайыз, алкогольді ішімдіктерге - 5,2 пайыз, нанға 4,9 пайызға өсті. Сол секілді аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 18,1 пайызды құраған. Қой етіне баға деңгейі 23,6 пайыз, жылқы етіне - 15 пайыз, шұжық өнімдеріне - 10,8 пайыз, шошқа етіне - 7,5 пайыз, құс етіне 6 пайызға жоғары болған.