Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің хабарлауынша, қыркүйек айында жалдамалы қызметкерлердің саны 6,1 млн. адамды құраған, бұл жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 70 пайызы. Сонымен қатар, 2014 жылғы III тоқсандағы алдын ала деректері бойынша өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан жұмыспен нәтижелі қамтылғандар үлесі 71,2 пайызды, жұмыспен нәтижесіз қамтылғандар - 28,8 пайызды құрап отыр.
«2014 жылғы қыркүйекте жұмыссыздар саны 458,1 мың адамды құрап, жұмыссыздық деңгейі 5,0 айыз болды. Жұмыспен қамту органдарында 2014 жылғы қыркүйек айының соңына 55,9 мың адам («Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысатындар құрамына енгізілген тұлғалардың есебінсіз) ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,6 пайызын құрады», делінген баспасөз баянында.