Баға азық-түлік тауарларына өткен айда 0,4, азық-түлік емес тауарларға - 0,2, ақылы қызметтерге - 1,3 пайызға өсті. Өткен айда бағаның жоғарылауы ұнға 3,5, жаңа жиналған көкөністерге - 1,1, күнбағыс майына - 1, нанға - 0,7, балық және теңіз өнімдеріне - 0,6, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитерлік өнімдерге - 0,5, күрішке, макарон өнімдеріне, жұмыртқаға - 0,4, кондитерлік өнімдерге - 0,3, етке және құс етіне, сүт өнімдеріне 0,2 пайыз деңгейінде белгіленді. Бағаның төмендеуі жаңа жиналған жемістерге 0,4, жармаларға - 0,7, қантқа 1,3 пайыз шегінде тіркелді.
Баға қатты отынға 2, кеңсе тауарлары және сызба құралдарына - 0,9, тұрмыстық тоқыма бұйымдарға - 0,5, киім және аяқ киімге - 0,4, фармацевтикалық өнімдерге 0,2 пайызға қымбаттады.
Баға деңгейі білім беру қызметтеріне 7,8, демалыс, ойын-сауық және мәдениет, мейрамханалар мен қонақ үйлер - 0,6, денсаулық сақтау - 0,5, шаштараздар және жеке қызмет көрсету орындары - 0,4, көлік 0,2 пайызға өсті.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер ыстық суға 3,5, кәрізге - 1,5, суық суға - 1,4, электр энергиясына - 1,1, қоқыс жинауға 0,7 пайызға жоғарылады.