Қыркүйек айында ірі және орта кәсіпорындар мен ұйымдарға 89,2 мың адам қабылданып, түрлі себептермен 79,1 мың адам шығып қалған

АСТАНА. Қазанның 12-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Статистика агенттігінің жедел мәліметтеріне қарағанда, ағымдағы жылдың қыркүйек айында ірі және орта кәсіпорындар мен ұйымдарға 89,2 мың адам қабылданып, түрлі себептермен 79,1 мың адам шығып қалған.

Сондай-ақ агенттік деректері бойынша, осы кәсіпорындар мен ұйымдардан өз еркімен жұмыстан босатылғандар 85,2 пайызды құрап отыр. Жұмысшылар санын қысқартумен байланысты 1,7 адам жұмыссыз қалып, өзге себептермен 13,1 пайыз адам қысқартылған.

Биылғы қыркүйекте азаматтарды жұмысқа қабылдау коэфициенті 3,0 пайызды құраса, азаматтарды жұмыстан босату коэфициенті 2,6 пайызға жеткен. Ал кадрлардың тұрақсыздығымен байланысты коэфициент 2,3 пайыз болып отыр. Қыркүйек айында босатылған адамдардың 112,8 пайызы жаңа кадрлармен жасақталды.