Бұл еліміздің өңірлерінде теңдесі жоқ заманауи ғылыми және білім беру кешені. Корпуста инженерия, медицина, жаратылыстану және ауылшаруашылық ғылымдары бойынша 70 зертхана бар.
Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары аяқталып, университет қыркүйек айында жаңа оқу жылын жаңа ғимаратта бастайды.
«Біз ең үздік білім беру және ғылыми жабдықтарды орнаттық. Студенттер тәжірибелер мен ғылыми эксперименттер жүргізе алады. Бұл шаралардың барлығы біздің өңірлік университетімізде жоғары білім беру сапасын жақсартуға бағытталған»,- деп атап өтті Құмар Ақсақалов.
Ағымдағы жылы Аризона университетімен халықаралық бағдарламаларға 170 студент қабылданды. Оның 50-і қос диплом бағдарламасы бойынша білім алады.
«Ынтымақтастық туралы меморандум аясында Кozybayev University мен Аризона университетінің қос дипломды оқыту бағдарламалары бойынша алғашқы қабылдау науқаны өткізілді. Ол университет студенттерін соңғы семестрде АҚШ-тағы бас университетте оқытуды қарастырады. Бұл жастар үшін үлкен мүмкіндіктер ашады. Университет түлектері бәсекеге қабілетті болады және сәйкесінше жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін бірден жақсы жұмыс жағдайына және жалақының жоғары деңгейіне үміткер бола алады»,- деп атап өтті Ералы Тоғжанов.
Халықаралық білім беру бағдарламалары бойынша жоғары білім берудің мемлекеттік стандартын қатаң сақтай отырып, үш тілде - ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде IT, инженерия, ауыл шаруашылығы, білім беру бағыттары бойынша оқыту көзделген. Қыркүйек айынан бастап Кozybayev University-де АҚШ профессорлары, сондай-ақ қазақстандық оқытушылар, соның ішінде «Болашақ» бағдарламасының түлектері сабақ беретін болады. Кozybayev University және Аризона университетінің екі дипломды кадрлар даярлау бағдарламасын іске асыру жобасы Кozybayev University брендін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді, өңірден шықпай-ақ халықаралық білім алуға, сондай-ақ өңірден және жалпы елден жастардың кетуін төмендетуге мүмкіндік береді.
Жалпы, облыс бойынша білім беру саласында оң өзгерістер орын алуда. 5 жыл ішінде түлектердің сыртқа кетуі 2 есеге, 30% - дан 16% - ға дейін төмендеді. Биыл облыстың 2,2 мың түлегі еліміздің жоғары оқу орындарына түсті, олардың 64% - ы грантта оқитын болады. Бұл соңғы 5 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.
Фото: primeminister.kz