Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2011 жылғы қыркүйекте өткен аймен салыстырғанда 2,8 пайызға азайған.
«Дегенмен, бұл көрсеткіш 2010 жылғы қыркүйектен 17,4 пайызға артық. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 20,3 пайыз, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны сатып алу 14,8 пайыз, жемістер мен көкөністер - 14,6 пайызды, нан және жарма өнімдері - 7,7 пайызды, қант, шай және дәмдеуіштер 2,6 пайызды құрады», - делінген баспасөз айғағында.