Қыркүйекте Астана маңында қазақ тазысының көрмесі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 қыркүйекте Астана маңында орналасқан «Балқарағай» демалыс аймағында қазақ тазысының көрмесі өтеді.

Бұл туралы «Қансонар» аңшылардың қоғамдық бірлестіктері және аңшылық шаруашылықтар субъектілері қауымдастығынан хабарлады. «21 қыркүйекте «Балқарағай» демалыс аймағында қазақ тазысы тұқымды иттерінің көрмесі өтеді. Шараны «Қансонар» аңшылардың қоғамдық бірлестіктері және аңшылық шаруашылықтар субъектілері қауымдастығы ұйымдастырып отыр. Оған Қазақстанның барлық аумағынан тазы өсірумен айналысатындар жиналады», делінген таратылған мәліметте. Шараның мақсаты - қазақ халқының игілігі мен тарихи-мәдени мұрасының бір бөлігі болып табылатын қазақ тазысын сақтап қалу және оны барынша таныстырып, насихаттау.