Негізінен халықаралық стандарт бойынша таза ағылшын тілінде білім беретін мектептің оқу бағдарламасында қазақ, орыс, француз тілдері де қамтылған. Сондай-ақ білім ошағының басшылығының атап өтуіне қарағанда, оқушылар қазақ тарихы мен мәдениетінен де сусындайтын болады. Дәрісті отандық және шетелдік білікті оқытушылар береді.
Мектеп ағымдағы жылдың қыркүйегінен бастап 3-4 жастағы балалар үшін дайындық сыныптарын ашуды жоспарлап отыр. Мектеп 640 оқушыны қабылдауға қабілетті.
«Бұл мектептің ашылуы - біздің еліміздің интеллектуалдық әлеуетінің, ғылым мен білімінің даму болашағы», - деп атап өтті ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов жобаның тұсаукесер рәсімінде.
Мектеп қамқоршылық кеңесі мүшелерінің атап өтуіне қарағанда, жоба жеке қаржы есебінен жүзеге асырылу үстінде. Жалпы құны шамамен 50 млн. АҚШ долларын құрайды. Білім алу - ақылы. Дегенмен өте таланантты балаларға арнайы грант қарастыру жоспарланып отыр.