Қыркүйекте ең төменгі күнкөріс деңгейі 23 мың теңгеден сәл астамды құрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2016 жылғы қыркүйекте күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 23 191 теңгені құрады.

Бұл туралы primeminister.kz сайтында хабарланды.

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2016 жылғы қыркүйекте өткен аймен салыстырғанда 1,7%-ға төмендеді, 2015 жылғы қыркүйекпен - 13,4%-ға жоғарылады.

ҚР ҰЭМ мәліметінше, оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 19,1%, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны - 15,4%, жемістер мен көкөністерді - 14,7%, нан және жарма өнімдерін - 8,2%, қант, шай және дәмдеуіштерді - 2,6%-ды құрады.