Қыркүйекте Қазақстан шекарасында тек шекара және кедендік қызмет қалуы мүмкін

АСТАНА. 18 маусым. ҚазАқпарат - Қыркүйекте Қазақстан шекарасында тек шекара және кедендіқ қызмет қана қалуы мүмкін.

Бұл туралы бүгін ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті жанындағы Консультациялық кеңестің отырысы барысында аталған ведомствоның басшысы Мәжит Есенбаев мәлім етті.

Кедендік бақылау комитеті төрағасының атап өтуінше, бұл мәселе біраздан бері күн тәртібіне шығарылып келеді әрі ағымдағы жылдың қыркүйегінен бастап шекарада тек шекара және кедендіқ қызмет қана қалуы мүмкін. Ал қалған барлық мемлекеттік органдар өздерінің бөлімшелерімен кедендік шекарадан кетіп, жүктелген құзыреттерін Кедендік бақылау комитетіне береді. Бұл бағыттағы жұмыстар жан-жақты жүргізілуде.

«Менің ойымша, бұл он нәтиже беруі керек», - деді ол.