Қыркүйекте күнкөрістің ең төменгі деңгейі 18 048 теңгені құрады - Статистика

АСТАНА. 1 қазан. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың қыркүйек айында күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 18 048 теңгені құрады,

деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2012  жылғы қыркүйекте өткен аймен салыстырғанда өзгерген жоқ. Ал өткен жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 7,1 пайызға өсті. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 21,8, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаға - 14,4, жемістер мен көкөністерге - 14, нан және жарма өнімдеріне - 7,1, қант, шай және дәмдеуіштерге  2 пайызды құрады.