Аталған рейс Үндістандағы 75-тен астам бағытқа, сондай-ақ Азияның ірі қалаларына рейстерді орындайтын авиакомпания үшін 32-ші Халықаралық тікелей байланыс саналады.
Сондай-ақ, авиакомпанияның Еуропа мен Солтүстік Америкада өзінің серіктестік кодтары арқылы үлкен желісі бар.
Биыл IndiGo компаниясы Skytrax ұсынған «Үндістан мен Оңтүстік Азиядағы үздік бюджеттік авиакомпания» сыйлығының қатарынан 13-ші рет иегері атанды.
«Шетелдік авиакомпаниялармен жаңа тікелей рейстерді іске қосу бойынша келіссөз үнемі жүргізіліп тұрады. Атап айтқанда, соңғы уақытта Қатар, Мысыр және Қытайға ұшу жиілігі артты. Шетелдік компаниялар Қазақстанға үлкен қызығушылық танытып отыр. Мысалы, осы жазда Оманның Salam Air авиакомпаниясы «Алматы – Маскат» бағыты бойынша аптасына 2 рет жиілікпен рейсті іске қосты», - дейді Мәдениет және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.