Қыркүйектен бастап табиғатты қорғау инспекторларына қосымша ақы төленеді

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова өміріне және денсаулығына қауіп төндіретін жұмыс атқаратын табиғатты қорғау инспекторларына қосымша ақы төлеуді көздейтін бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Мемлекеттік орман күзеті қызметтерінің, табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторларының және жануарлар дүниесін қорғау, ормандарды қорғау, өсімін молайту және орман пайдалану жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың инспекторларының, балық шаруашылығы су айдындары немесе учаскелерін балықтандыру бойынша өсімін молайту кешенінің мемлекеттік кәсіпорындарының қызметкерлеріне денсаулыққа және өмірге зиян келтіру қаупімен байланысты жұмыс үшін лауазымдық ақыдан 100% мөлшерде қосымша ақы төленсін», - делінген министр қол қойған бұйрықта.

Құжат жарияланғаннан кейін 10 күн өтіп барып, 2 қыркүйекте күшіне енеді.