Онда ұялы байланыс қызметінің тарифтері туралы мәселе талқыланады. Бұл туралы байланыс және ақпарат вице-министрі Сәкен Сәрсенов журналистермен болған кездесуде мәлім етті.
«Ұялы байланыс қызметінің тарифтерін төмендету туралы мәселеде ілгерілеушіліктер бар. Сәрсенбі күні байланыс және ақпарат министрінің төрағалығымен Ұялы байланыс операторлары кеңесінің отырысы өтеді, онда біз байланыс операторларының өкілдерімен бірлесіп осы мәселені талқылайтын боламыз», - деді С.Сәрсенов.