Қырықтан астам шахтер Қытайдың көмір шахтасында қамалып қалды

None
БЕЙЖІҢ. 10 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Бүгін Юньнань провинциясында (Оңтүстік-Батыс Қытай) көмір-газ сұйықтығының атқылауы салдарынан жер астында 13 кенші қалып қойды.

Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, апат Шицзун уезі аумағындағы «Сычжуан» көмір шахтасында болды.

Еске сала кетсек, 3 қараша күні Хэнань орталық провинциясында шахтаның құлап кетуінен 53 кенші жер астында қалып қойды. Оның 45-і құтқарылып, сегіз адам қаза тапты.