Қырым-қанды безгегін жұқтырды деп жатқызылған науқас қайтыс болды - Қызылорда облысы
16:13, 08 Қараша 2016
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 64 жастағы Ақарық ауылының тұрғыны қырым-қанды қанды безгегін жұқтырды деген күдікпен Жалағаш аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған болатын. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Бұған дейін дәрігерлер ер азаматтың жағдайының ауыр екенін айтқан болатын. Басқарма баспасөз қызметінің жетекшісі Нұржамал Тұрсынбаеваның айтуынша, науқастан екі мәрте тексеру нәтижелері бойынша «Қырым-қанды» безгегі анықталмаған. Дей тұрса да, ауруханаға жағдайы қиындап келген азамат қайтыс болған.