Оны облыс әкімінің міндетін атқарушы Мадияр Алдоңғаров жүргізді.
Мәжіліс барысында аталмыш індеттің өрістеуіне жол бермеу мақсатында аймақта жасалған жұмыстар мен алда атқарылар шаралар барысы талқыланды. Жақында облыс аумағында 77 жасар кейуананың осы науқастан қайтыс болғаны мұндағы жағдайдың алаңдатарлық екенін байқатып отыр.
Жиынды қорытындылау барысында Мадияр Алдоңғаров тиісті сала басшыларына Қырым қанды безгегі індетімен күрес жүргізетін арнайы жұмысшы тобын құрып, оларға биылғы жылы бұл бағытта атқарылған жұмыстарды пысықтап, алда залалсыздандыруға жататын өзге де қауіпті ошақтарды белгілеуді және осы мақсатқа жұмсалатын қаржы шығындарын есептеуді тапсырды.